Арасында шетелден келіп істейтіндер бар: Алматыдағы қонақүйде 7 жезөкше ұсталды

0
1268
Сурет: ru.freepik.com
Advertisement

Өткен түнде Криминалдық полиция қызметкерлері өткізген түнгі рейд барысында Алматы қаласы Наурызбай ауданының аумағында орналасқан қонақүй кешенінде жезөкшелікпен айналысатын 7 бойжеткен анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында аталған қонақүйде осы мекеменің әкімшісі мен жезөкшелікпен айналысатын жеті бойжеткенді анықтады. Тексеру барысында жеңіл жүрісті қыздардың біреуінің ҚР көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген өзбек елінің тұрғыны екені, қалған алты қыздың еліміздің тұрғыны екені белгілі болды. Таяу күндері Өзбекстан Республикасының тұрғыны сот шешімімен ел аумағынан шығарылады.

Ұсталған барлық азаматша полицияға жеткізіліп, олардың қандай да бір құқықбұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығы тексерілді. Ал қонақүйді жезөкшелер ошағына айналдырған мекеме басшылығына қатысты тиісті шара қолданылады», – деп мәлімдеді Алматы қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз