«Арасында бір жастағы сәби бар»: Қазақстанда жаңадан коронавирус жұқтырғандар туралы — Қазақстан жаңалықтары
COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның өңірлерінде жаңадан коронавирус жұқтырғандар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысында 90 пациентте ПЦР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Оның ішінде 66 жағдай жақын байланыс шеңберінен, 24 жағдай жүргізілген скрининг нәтижесінде анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды.
Қазіргі уақытта ауырған адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, емделіп жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.
Шымкент қаласында ПТР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша қаланың 33 тұрғынында COVID-19 диагнозы нақтыланды: 15-жақын байланыстардың ішінен, 4-шұғыл түрде соматикалық стационарларға жатқызылғандар, 14-жүргізілген скрининг нәтижесінде анықталғандар. Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Емделіп жатыр, байланыста болғандарды анықтау жалғасып жатыр.
Түркістан облысында 33 адамнан коронавирус табылды. Скрининг Түлкібас ауданының 1965 және 1984 жылы туған, Сайрам ауданының 1998, 1991 және 2012 жылы туған, Мақтарал ауданының 1994, 2010 және 1956 жылы туған, Түркістан қаласының 1995, 1983, 1982, 1989, 1974, 1997, 1974 жылы туған, Кентаудың 1988 және 1978 жылы туған, Қазығұрт ауданының 1976 жылы туған тұрғындарының коронавирус жұқтырғанын анықтады.
Сондай-ақ, байланыста болған адамдарды тексеру кезінде вирус Төлеби ауданының 1998 жылы туған, Сайрам ауданының 1986, 1958, 2000, 1988, 2009, 2013, 2015, 2018 және 2019 жылы туған, Мақтарал ауданының 2017 және 2010 жылы туған, Кентаудың1989 және 1952 жылы туған тұрғындарынан табылды.
Қазіргі уақытта барлық пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олар оқшауланған және ем алады.
Ақтөбе облысында 18 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 13 жағдай бұрын жұқтырғандарға жақын шеңберден, бір әлеуетті байланыс шеңберінен, бір жағдай жүргізілген скринингтің нәтижесінде және 3 жағдай — дене қызуының жоғарылауына және ЖРВИ симптомдарына байланысты жедел жәрдем шақыруы бойынша анықталды.
Барлық пациенттер инфекциялық ауруханаға жатқызылды, науқастардың жағдайы қанағаттанарлық және тиісті ем алады.
Алматы облысының Талдықорған, Ескелді және Талғар аудандарында 6 адам коронавирус жұқтырды.
Барлық 6 науқас белсенді түрде анықталды, 4 адам бұрын жұқтырғандар байланыста болған, екеуі алдын алу мақсатында тексерілді. Барлық науқастар бұрын оқшауланған, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.
Қызылорда облысында жұқтырудың 5 оқиғасы анықталды — барлық пациенттер Қызылорда қаласының тұрғындары. Екі ер адам — 1951 және 1966 жылы туған және үш әйел — 1965, 1983, 1992 жылы туған.
Барлық науқастардан ПТР талдауы бұрын ауырған науқастармен байланысқаны үшін алынды. Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық ауруханаларда оқшауланған және емделіп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысында инфекцияның 2 жағдайы тіркелді. Бірінші жағдай — сырттан әкелінген. 2000 жылы туған студент Ресейден келгендер тізіміне кірген. Ол Новосібірден «Ауыл» ОҚК арқылы Алматы облысындағы тұрақты тұратын жеріне оралған. Ауру бойынша Аягөз ауданындағы карантин және тексеру орнына жіберілген. Байланыстар шеңбері құрылды, олардың барлығы оқшауланған.
Екінші жағдай Семейде тіркелген. 1963 жылы туған науқаста ПТР-диагностика әдісімен COVID-19 бойынша оң нәтиже анықталды. Пациент жақын байланыста болғандықтан тексерілген, шағымы жоқ. Алдын ала эпидемиологиялық тексеру бойынша 6 байланыстағы тұлға мен 1 ошақ анықталды.
Жалпы, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8322-ге жетті, 4214 адам айығып, 35 науқас көз жұмды.
stan.kz