Арақты «мәдениетті ас» деп атаған азамат елдің ашуын келтірді (ВИДЕО)

0
622

Әлеуметтік желіде арақты «Харам деп айтуға болмайды, арақ мәдени асқа жатады» деп айтқан ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бейнежазбада азаматтың той-жиында жанын салып арақты ақтап, оны тек «мәдени адамдар ғана ішеді» деп келген қонақтарға түсіндіріп жатқан сәті көрсетілген. Әзірге бейнежазбаның қай өңірде түсірілгені белгісіз.

«Арақ берілген тойды харам, арағы жоқ тойды халал деп айтпаңыздар! Бұл мәдениетті асқа жатады. Ақылыңнан азбасаң, есіңнен танбасаң, ішуге болады. Арақ – «мұсылмани, қазақи» сахидың дастарханы. Харам деген сөз жаман сөз емес, харам деген «үй» деген мағыны білдіреді», – дейді ол.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.