Аралдың төңірегіндегі халықтың тұрмысы жақсарды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елбасы қоршаған ортаны қорғау үшін теңдессіз шаралар қабылданғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Аралда балық шаруашылығы қалпына келтірілді, бүгінде Еуропа одағына жыл сайын 8 мың тоннадан астам балық экспортқа шығарылады. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев президент ретінде ең алғашқы қабылдаған шешімдерімнің бірі Семей ядролық полигонын жабу болғанын атап өтті.

«Біз орасан зор экологиялық апатқа ұшыратқан осы ядролық сынақ полигонын  жабу үшін ауқымды жұмыстар атқардық. Мұны Кеңес Одағы әскери-өнеркәсіптік кешенінің үзілді-кесілді қарсылығына қарамастан іске асырдық», — деді Елбасы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Арал теңізінің солтүстік бөлігін құтқару үшін нақты шаралар қабылданды.

«Аралды құтқару халықаралық қорының белсенді атсалысуымен Арал теңізінің бассейнін дамытуға бағытталған үш бағдарлама жүзеге асырылды. Соның арқасында Аралдың төңірегіндегі халықтың тұрмысы жақсарды», — деп толықтырды ол.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Арал теңізінің солтүстік бөлігінде судың тұздылығы төмендегенін айтты

Назарбаев жергілікті тұрғындар осы өңірден көшіп кетпей, тұрақтап қала бастағанын айтады.

«Біз мұнда балық шаруашылығын қалпына келтіре алдық. Бүгінде Еуропа одағына жыл сайын экспортқа шығарылатын балық көлемі 8 мың тоннадан асты», — деп түйіндеді ол.  



sputniknews.kz