Аралас мектептерді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде білім беруге көшіру керек – Динара Нұралиева

0
1823

Аралас мектептерді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде білім беруге көшіру керек. Бұл туралы Тараз қаласындағы №34 орта мектептің директоры Динара Нұралиева айтты.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Бүгінгі таңда Жамбыл облысында аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім беретін бірінші сыныптар көбейе бастады. Мектеп директоры ретінде осы орайда өз ұсынысымды жеткізгім келеді. Егер республикамыздың әр өңірінде аралас мектептер кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде білім беруге көшсе, сіздер қалай қарайсыздар?! Бұл шешім барлық қазақстандық балаларды кішкентай күнінен ешқандай бөлінуге жол бермей, қазақ тілін жетік меңгеруге нақты қадам болар еді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе». Бізде бір ғана ортақ – мемлекеттік тіліміз, бір ғана – ұлтымыз, бір ғана – Отанымыз болуы тиіс!», – деді ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында.

Әкесі – дүнген, анасы – ұйғыр, арғы аталары – орыс, өзбек, татар және басқа да бірнеше ұлттан тарайтын Динара Нұралиева өзі сияқты азаматтардың төлқұжатына «қазақ» деп жазатын уақыттың келгенін айтады.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда бойында 7-8 этностың қаны бар мен сияқты жүз мыңдаған адам бар. Мүмкін осындай азаматтарды төлқұжатына «қазақ» деп жазатын уақыт келген шығар? Біз әрқашан татулық пен бірлікте өмір сүріп келеміз. Ортақ үйімізде бір үзім нанды бөліп жеп отырған жайымыз бар. Басты байлық – тұрақтылық екенін естен шығармауымыз қажет. Біз әрдайым бірге болсақ, әлі талай асуларды бағындырамыз», – деді мектеп директоры.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз