Арал маңындағы қала әлемдегі ең қорқынышты жерлердің бірі деп танылды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Танымал телеарна жариялаған «Әлемдегі ең қорқынышты жерлер» тізімінде Қарақалпақстанның Мойнақ қаласы 11-орынды иеленді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Кемелердің зираты аталып кеткен, Арал маңында орналасқан Мойнақ қаласы (Өзбекстан) Fox News телеарнасы жариялаған «Әлемдегі ең қорқынышты жерлер» тізіміне енді, деп хабарлады CentralAsia.

Бұл тізімде Мойнақ 11-орынды иеленді. Бұрын Арал теңізі көлемі жағынан әлемде төртінші орында болды.  


©
REUTERS / SHAMIL ZHUMATOV

Ауыл тұрғыны Арал теңізінің жағалауындағы қайықты байлап жатыр, архивтегі фото

Арал теңізінің тартылуы қауіпті экологиялық апаттардың біріне айналды.

Назарбаев: Аралдың төңірегіндегі халықтың тұрмысы жақсарды

Бүгінгі таңда теңіздің 90 проценті құрғап, шөлге айналған теңіз түбінде даттанған кемелер құмға батып жатыр. Сондай-ақ әлемдегі ең қорқынышты жерлер тізімінде Англиядағы Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан Маунселл қамалы да бар.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз