«Араб жігітке тұрмысқа шықтым»: Дубайдағы қазақтардың шынайы өмірі көрсетілген деректі фильм жарияланды
Дубайда тұратын этникалық қазақтар туралы деректі фильм жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео “Жалғыз жолаушы” youtube-арнасында жарияланған. Кейіпкер ретінде Дубайда тұрып, кәсіппен айналысатын бірнеше отбасымен, араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақстандық ару тағдалып алынған.
Біріккен Араб әмірліктеріне Қытайдан көшіп барған Жарқын мен Мунира қазақ тілін ұмытпай, үй ішінде қазақша сөйлесуге тырысады екен. Тіпті балаларының бөлмесіне Қазақстанның туын іліп қойған.
“Қолымыздан келгенше балаларымызды кішкентайынан бастап қазақи дәстүрмен өсіруге тырысып келеміз. Өзіміз шетелде болсақ та, атамекеніміз Қазақстанды ұмытпаймыз”, – дейді Жарқын.
Қазақ отбасы Дубайдағы денсаулық сақтау, білім, күнделікті шығындарына ай сайын қанша қаражат кететінін айтып өтті.
“Кенже баламды босанған кезде 20 мың доллар, одан алдынғы баламды босанған да 18 мың доллар төледім. Ал өмір сүру үшін күнделікті шығындарды есептесек отбасымызға шамамен 25 мың дирхам, 3 млн теңгедей ақша кетеді. Ал бір баланың оқуына жылына 10 мың доллар кетеді, 9 айлық оқу үшін”, – дейді Мунира.