Әр ресторанға полицияға қойдырған Шөкеев Түркістанды «жасыл» аймаққа өткізді

Қалған өңірлер мен Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары әлі де "қызыл" аймақта. Өткен тәулікте елде тағы 7 519 адам коронавирус жұқтырды

0
413

Тұрғындар ең тығыз шоғырланған Түркістан облысы коронавирус таралуы бойынша «жасыл» аймаққа енді, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Бұл қазіргі таңда «жасыл» аймақта тұрған жалғыз өңір.

«Сары» аймақта бірде-бір өңір қалмады.

Қалған өңірлер мен Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары әлі де «қызыл» аймақта.

Өткен тәулікте елде тағы 7 519 адам коронавирус жұқтырды, Түркістан облысында – 110 адам.

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 600 мыңнан асты.