«Әр қазақ — менің жалғызым»: Анасы әкесінің қолынан қаза тапқан Аян Төлеуғазинге көпшілік көмегін аямады — Қазақстан жаңалықтары

0

16 қаңтарда «Ниет» бағдарламасына келген Аян Төлеуғазин келіп өзінің мұң-мұқтажымен бөліскен еді. Қазір анасынан айырылған бозбаланың жағдайы ел құлағына жетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балалар

Аянның анасы әкесінің қолынан қаза тапқан. Қазір ер азамат заң бойынша жазасын өтеуде. Анасы өмірден өткен соң кәмелеттік жасқа толмаған Аянның 4 бауыры оңалту орталығына жіберілген. Ал бозбаланың өзі мен оның қарындасы Айгерім Нұр-Сұлтанда жұмыс жасайды. Енді Аянның 5 бауырын жинап, бір үйде өмір сүрсе деген арманы бар.

Аянға арналған бағдарламаға сарапшы болып келген әр азаматы балалардың жүзіне күлкі, жүрегіне жігер сыйлай алды.

Соның бірі психолог — Ғалияш ханым, балалар мен туыстарына комплексті психологиялық қолдаумен қоса, Аянға ай сайын шәкіртақы ретінде қаржылай көмек беруге ниет білдірді.

Тағы бір қайырымды жан, кәсіпкер — Қайрат Құдайберген, Аянның қолын байлап тұрған несиесін өтеуге 1000.000 теңге қаржылай қолдау көрсетіп, қарындасы Айгерімге кәсіп таңдап, қолына қармақ ұстатуға бағыт беретінін жеткізді

Көпбалалы отбасыдан шыққан ақын — Аманжол Әлтай бауырларын қамқорлығына алған Аянға қаржылай көмек беруге ниетін білдіріпті.

Аянның қарындасы — Айгерімнің арманы бет әрлейтін шебер болу, сол арманын орындауға Сәнді Бексырға үлкен қолдау көрсетті.

Қазіргі таңда «Ниет» бағдарламасының ұжымы Аянға баспана алып беру үшін қаржы жинап жатқан көрінеді. 

Еске салайық, бұған дейін елордалық тұрғын өзінің әйелін айуандықпен буындырып өлтіргені жайлы жазған болатынбыз. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал ақша мәселесінен шыққан. Жарына ашуланған ер азамат әйелін орамалмен буындырып, артынша айдаладағы үйге қалдырып кеткен. Олардың артында жетімсіреп, 6 бала қалыпты. 

stan.kz