Әр өңір өз табысын өз игілігіне жарата алса, біз дами түсеміз — Ринат Зайытов
Мәжіліс Депутаты Ринат Зайытов «Адырна» ұлттық порталының youtu.be арнасындағы «Таразы» бағдарламасына берген сұхбатында әр өңір өзінің табысын өз халқының дамуына жұмсағанын өте ұтымды тәсіл, жақсы реформа деп санайды. Бұл пікірін бір мысалмен дәлелдеп берді.
«Абай облысындағы Ақат ауылына алтын қазатын компания келген. Аудан әкімшілігі, ауыл әкімшілігі сол кісіге барып, «Тоқтай тұрыңдар, сендердің қандай қағазбен келгендерің маңызды емес, бастысы бұл жергіліктің сендерге қоятын талаптары бар. 70% жұмысшыны біздің ауылдан аласыңдар, ауылдың жанынан қора ашып, жылына отыз миллион теңге салып тұрасыңдар. Біз бұл ақшаға балабақша салып, техникамызды аламыз» депті. Егер ауыл мен ауданның қолында осыншама бюджет болса, біз әрі қарай дами түсеміз, — деді депутат.
фото: arbat.media