Ар-намысын таптатпас үшін қыздары өздерін өлтірді. — Қазақстан жаңалықтары

0

«Еркегі мықты болған елдің, қыздары бақытты күн кешеді» дейді «Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов. Instagram парақшасында әнші Қарағанды облысы, Ұлытау жерінде болған оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Бағланчик

Жаугершілік заманда болған оқиғаны бүгінгі күнмен салыстыра сипаттаған өнер иесі: 

«Қазақ — жоңғар соғысы кезінде тұтас бір ауылдың еркектері түгел соғысқа аттанады. Ауылда тек қыз-келіншектер, шал-кемпір, бала-шаға қалып қояды. Бейқам жатқан ауылдың үстіне жоңғар əскері келіп, еркегі жоқ ауылды қантөгіссіз басып алады. «Əй дейтін əже жоқ, қой дейтін қожа жоқ» жау əскері ойларына келгенін істейді. Бүкіл ауылдан ең жас, ең сұлу қыздарды таңдап, 40 қызды қатын қылуға айдап кетпекші болады.

Қамауға алынған қыздар, жылап-сықтап тұрғанда, 40 қыздың ішінен ең батылы шығып қыздарға: «Біздің аға-бауырларымыз, əкелеріміз жан алып, жан беріп соғысып жатыр. Біз болсақ жауға қатын болып бара жатырмыз, бүйтіп қорлықта өмір сүргенше өлгеніміз артық» дейді. Сөйтіп 40 қыз бір ауыздан өлу туралы шешім қабылдайды. Жау əскерінің қолбасшысына барып: «Соңғы тілегіміз болсын, туған жерімізбен қоштасайық, ауыл маңындағы көлге бір шомылып келуге рұқсат етіңіз» деп сұранады. Сөйтіп, 40 қыз қолұстасып көлге кетіп, батып өледі. Қыздардың бұл қылығын көрген жоңғардың төбе шашы тік тұрып, шошып қалады. Сонда жоңғарлардың айтқаны: «Мына қазақ намысшыл халық екен. Ар-намысын таптатпас үшін қыздары өздерін өлтірді. Егер осы ауылдың еркектері келсе бізге не болады?» деп қорқып жоңғар əскері ауылды тастап қашады екен» деп жазды әнші.

Қазақ қыздарының намысшылдығы мен тәрибелілігін жазғысы келген әншіге пікір білдіргендердің қатары көп болды. «Біздегі ар-намыс, қайсарлық сол кездерде, ата-бабаларымызбен бірге өліп кеткен секілді көрінеді кейде маған» десті оқырмандар.

stan.kz