«Әр кинотеатрда тыңшым бар»: Мақпал Жүнісова неге қызын аңдып жүр? — Қазақстан жаңалықтары
Мақпал Жүнісова жалғыз қызының болашағына алаңдаулы. Әнші бүгінде 17 жасқа келген қызының әр қадамын аңдып жүруді әдетке айналдырған. Халық әртісі тіпті, қызы қыдырып баратын жерлерге арнайы тыңшыларын қойып қойған көрінеді.
Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазір бақылауды күшейттім. Қыз баласы болғаннан кейін бұлардың ортасы да кеңейіп жатыр. Бір-бірімен танысады, кездеседі. Киноға жиі баратын болды. «Неге жиі барып кетті?» деп әрбір кинотеатрда өзімнің тыңшыларым бар. Бүгін менің қызым сіздер жаққа кетіп бара жатыр деп айтып қоямын», — дейді Жүнісова.
Әнші Мерейге толықтай сенеді. Әйткенмен өтпелі кезеңде жүрген қызының ортасы үшін алайдайды. Оның өміріндегі қандай да бір маңызды дүниелерді өткізіп аламын ба деп қорқады.
«Сенесің, бірақ тексеріп отырасың. Өйткені қызымыз екеуміз ана мен бала сияқты емеспіз. Сырлас, құрдас сияқтымыз. Ұялмай барлық сұрақтарды менен сұрай бер деп айтып қойғанмын. Біреумен танысатын болсаң, соны да маған айт. Басыңды жұлып алмаймын, бірақ кіммен араласып жүргеніңді біліп жүрейін, дедім. Ол міндетті түрде жігіттермен араласу емес, кейде қыз балалардың өзі жаман ортаға алып кетуі мүмкін. Үйде қанша тәрбиелесең де, мектепке барғанда кіммен араласатынын біліп отыруым керек», — дейді Жүнісова.
Бүгінде бірнеше шет тілін меңгерген Мерей мектепті бітірген соң, өзге елде оқығысы келеді екен. Алайда оған анасы қарсы болып отыр. Нақты шешімге келе алмаған әнші бұл сұрақтың шешімін уақыттың еншісіне қалдырып отыр.
stan.kz