әр балаға 21 мың теңге бірінші тоқсанда ғана төлене ме
Қысқа сілтеме алу
Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазір 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек бірінші тоқсанда ғана емес, жыл бойы төленетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Әлеуметтік желілерде кейбіреулер атаулы әлеуметтік көмек тек бірінші тоқсанда ғана төленеді, одан кейін төленбейді деп жазып жатыр. Мен қайталап айтамын, ол жыл бойы төленеді. Бірақ, өзінің ережесіне сәйкес, тоқсан сайын отбасының табысы нақтыланып тұрады», — деді Сапарбаев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, бұл шамамен 800 мыңнан астам адам.
Тағы оқыңыз: Көпбалалы ата-аналардың салығы азаятын болды
«10 мың отбасыға тағайындалған жоқ, себебі олардың табысы белгіленген критерийден асып кетті», — деді ол.
Ведомство басшысы сәуір мен мамыр айларына 23 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.
«Жалпы жыл бойына атаулы әлеуметтік көмекті төлеу үшін 130 миллиард теңге қарастырылған. Орта есеппен әрбір отбасына 105 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі», — деді Сапарбаев.
Министр бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табатынына сендірді.
sputniknews.kz