«Ақжайық»футбол клубының бұрынғы басшысы ұсталды
«Ақжайық» футбол клубының (ФК) бұрынғы директоры ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
«Сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық» ЖШС-нің бұрынғы директоры ұсталды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», — делінген бейсенбіде.
«Ақжайық» ФК бұрынғы басшысы Азамат Шайханың ұсталғаны туралы хабарламалар бұрын ғаламторда тараған еді.
фото: ашықдереккөз