«Ақыртас» пен «Айша бибіні» әлем мойындады
Сессия кезінде мамандардың «Айша бибі» кесенесі мен «Ақыртас» сарай кешенін мойындауы – туризм саласы бойынша өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға берілген жоғары баға.
Түркия елінің Анталья қаласында туристік тартымдылық және туризмді жоғары деңгейде тұрақты дамыту мәселелері бойынша халыақаралық комитеттің кезекті сессиясы өтті. Онда ерекше тартымды туристік нысандардың қатарын толықтыру мәселесі қаралды.
Жаңа нысандарды қабылдау бойынша шешім комитеттің сессиясында қабылданады. Комиссия құрамында әлемнің сексен елінің сарапшылары бар. «Айша бибі» кесенесі мен «Ақыртас» сарай кешені облыстық басқарма қызметкерлерінің таныстыруынан кейін сарапшылардың қолдауымен Әлемдегі ерекше туристік тартымды нысандардың тізіміне енді. Нәтижесінде сол санатты ресми нақтылайтын арнайы сертификат тапсырылды.
Енді бұл нысандарды көпшілікке әлеуметтік желілер арқылы танымал ету мақсатында «WORLD LIST – TOURIST ATTRACTION» белгісін (логотип) пайдалануға рұқсат етіледі.
Сессия кезінде мамандардың «Айша бибі» кесенесі мен «Ақыртас» сарай кешенін мойындауы – туризм саласы бойынша өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға берілген жоғары баға.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!