Ақын-жазушылар – саяси сауатсыздар

0

Соңғы сайлауда нағыз саяси процестер қайнаған ортадан өттік. Мен елге танымал азаматтардың, тарихшылардың, жазушылардың, ақындардың, қоғам қайраткерлерінің жазбаларына, ойларына үзбей анализ жасап отырдым. Реали саясат, сайлау технологиясы бір жақта, олар 10 км басқа жақтағы әңгімені айтып жүрді. Жақсы жазушы не ақын болар бірақ саясаттанудағы деңгейі анық көрінген заманды өткердік. Қазір сол кісілер маған келіп сенің жазбаң дұрыс емес дегенді шығарып жүр. Сынын қабылдайын десем деңгейін ішім сезіп тұр. Тыңдайын десем әлі сол айдаладағы бір әңгімені айтып жүр. Үлкен жасын айтып әлі баласың дейді. Үлкен болып өздері де керемет саяси анализ көрсетпейді. Соңынан түйгенім біреуді тыңдауды қойып өзімдікі өзіме деп жаза беремін. Өзіндік жолымды қалыптастырамын. Алдыңғы буыннан Асқар Жұмаділдаевтан басқасының сөзін тыңдауға жүйкем шыдамайды. Ешкім ренжімесін. Не көремін, қалай қорытамын солай жазамын.

Бауыржан Серікбаев, ФБ парақшасынан
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз