«Ақуыз, май мен көмірсудың жетіспеуі иммунитетті төмендетеді»: Есмағамбетова ораза ұстаушы қазақстандықтарға жүгінді — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Рамазан айында ораза ұстаушыларға кеңесін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Брифингіде сөз алған бас санитар дәрігер ауыз бекітушілерге аздаған кеңесін айтты.

«Коронавирустың ауа арқылы жұғатынын тағы айтқым келеді. Тазалық сақтамағанда, түшкіргенде, жөтелгенде, қауіпті заттарды ұстағанда жұғады. Ал, Рамазан айында адамдар көп болып жиналады. Биылғы жыл біз үшін ерекше. Сондықтан Рамазан айының өзінде біз талаптарды сақтауымыз керек. Осы себепті денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымымен топ болып жиналудан бас тарту, ауызашар жасамау, мешіттерге бармауға кеңес беріледі. Қандай да бір аурумен ауыратын және егде жастағы адамдар вирусты жұқтыруға бейім келеді. Ал, ағзада ақуыз, майлар, дәрумендер иммунитеттің төмендеуіне әкеледі», — деді Есмағамбетова. 

Бас санитар дәрігердің айтуынша, ораза ұстаған адам дәруменге бай тағамдар жеп, иммунитетінің төмендемеуін ойлауы керек. 

«Иммунитет төмендесе, адам ағзасы ауру жұқтыруға дайын тұрады. Сондықтан ораза ұстаушы адамдарға айтарымыз, құрамында ақуыз, май, дәрумен, көмірсулар бар тамақтар, көкөністер, жемістер, қуаты күшті тамақ жеуге кеңес береміз», — деді бас санитар дәрігер. 

stan.kz