Ақтөбеліктің пәтерге шақырған сүйіктісі 600 мыңын ұялмай өз шотына аударып алған

0
93

Ақтөбе қаласының тұрғыны бірінші кездесуде 600 мың теңгесінен айырылып қалды.

«Диапазон» басылымының мәліметінше, жастар пәтерге қарай бет алған. Келесі күні ер адам ваннаға кіріп бара жатып, қызға тамаққа тапсырыс беруге өтініш айтқан. Қыз бала тамақтың ақшасын төлеген соң, жігіттің картасынан өзіне 600 мың теңге аударып алған.

Ер адам ақшасының жоғалғанын кейін байқап, полицияға арыз түсіреді.

Тергеу барысында бойжеткен ақшаны өзіне құртқанын мойындады. Ал сотта сол күні екі ер адамның үйге келіп қорқытып, ақшаны өз шоттарына аудартып алғанын айтты.

Сот 31 жастағы алаяқты екі жылға соттап, жәбірленушіге 600 мың теңге төлеуге міндеттеді.