Ақтөбелік жалқау жұмысшының әрекеті жұртты күлдірді – видео   

0

Әлеуметтік желіде жарияланған роликті 70 мыңнан астам адам көрді

Ақтөбе тұрғындары коммуналдық қызметкерлердің ағаштарды ерекше ақтап кеткенін байқап қалған.

Әлеуметтік желілерде пайда болған видео қолданушылардың күлкісін келтірді, тіпті кейбірінің ашуын туғызған. Өйткені, ағаш діңінің бір жағын ғана ақтап, екінші жағын сол күйі қалдырып кетіпті.

https://www.instagram.com/p/BxosQL2Hygb/?utm_source=ig_embed

Желідегілердің кейбірі қызметкерлерді жалқау деп айыптаса, енді бірі әкті осылайша үнемдейтінін жазып жатыр.

Айта кетейік, роликті бір күнде 73 мыңнан астам адам көрді.

Жағдайды телім шебері түсіндірді. Сөйтсе қызметкерлердің бірінің демалыс күндері жұмыс істеуге зауқы соқпаған болып шықты, деп хабарлады КТК. Ол осындай қарапайым әдіспен жұмысты азайтуға шешім қабылдаған.

«Бұл жұмыс күнінің соңында болған. Ол ерініп қалған болса керек. Жұмыс күнін тез аяқтап, үйіне кеткісі келген», — дейді телім шебері Андрей Коломийчук.

Ол жұмысшымен әңгіме жүргізілгенін атап өтті.

sputniknews.kz