Ақтөбелік шаруалар тиімді жұмыс істей бастады

0

 

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігі биыл 48%-ға, бір жұмысшыға 705 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейін өсті, деп мәлімдеді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

  • Елбасы тапсырмасына сәйкес, өңірде «ақылды» технологияларды енгізу, суармалы және егістік алаңдарын кеңейту, жаңа инновациялық жобаларды енгізу, өнім өндіру үлесін ұлғайту есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қаматмасыз ету жұмыстары күшейтілді,-деді облыс әкімі.

Атап айтқанда, өңірде мүйізбен емдейтін емханасы бар Батыс Қазақстандағы жалғыз марал өсіру фермасы, көкөніс өсіретін жылыжай кешендері, африкалық жайын өсіретін шаруашылық іске қосылды.

Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салалары да белсенді дамып келеді. Қазіргі таңда қоян, ара, бөдене және т.б. өсіретін 600-ден аса шаруашылық бар. «Болат ЛТД» ЖШС-нің таңқурай егетін алқаптарынан жыл сайын 150 тоннадан астам жидек жиналады, жуырда құлпынай өсіретін жылыжай іске қосылады.

Сондай-ақ, биыл асыл тұқымды ірі қара мал басы 51%-ға, 28 мыңнан 42,3 мың мал басына дейін өсті. Суармалы жерлер алаңы облыс бойынша 41%-ға — 30,6 мың гектарға дейін, егістік жерлер15%-ға — 754,1 мың гектарға дейін кеңейді.

  • Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірге суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл әріптестік 2019 жылға қарай 40 мың гектар суармалы жерді тиімді айналымға енгізуге мүмкіндік береді,-деді Б.Сапарбаев.

«Қамшы» сілтейді