Ақтөбелік құтқарушылар мысықты өрттен аман алып қалды

0

Өрт 26 қаңтарда Ақтөбе қаласының №6 кооперативінің гараждарының бірінде болған, деп хабарлайды kznews.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар көліктерді ғана емес, онда тұратын мысықты да құтқарды. Түтінделген үй — жайдан құтқарушылар мысықты өлі күйінде алып шыққан. Сол кезде көмекке ТЖ жөніндегі инспекторлар келіп, реанимациялық әрекеттер жасады.

Олар жүрекке жанама массаж жасап, жануарға тыныс алу аппаратынан оттегі берді. Бірнеше минуттан кейін үй жануарлары өздігінен дем ала бастады.