Ақтөбелік полицейлерге 110 қызметтік автокөлік табыс етілді

0

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің автопаркі «Шкода Октавиа» машиналарымен толықты. Полицейлердің қызметтік автокөілкпен қамтылуы 100%-ды құрауға жақын.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, құқықорғау органдарының басшылары, ішкі істер органдарының жеке құрамы қатысты. Өңір басшысы егемен Қазақстанның барлық жетістігі Елбасымен байланысты екенін атап өтті.Осылайша, Президент тапсырмасымен өңірде полиция департаменті бөлімшелерінің облыстағы құқықтық тәртіп үшін бірлескен жауапкершілігінің жаңа міндеттеріне жауап беретін материалдық-техникалық базасын нығайтудың тиімді шаралары қабылданып жатыр.

* 2018 жылы жергілікті бюджеттен полиция департаментіне 7,2 млрд теңге бөлінді. Бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырудың, қызметкерлердің кәсібилігінің арқасында өңірде қылмыс деңгейі төмендеді. Ұлт жоспарының отыз қадамын жүзеге асыру аясында департамент автопаркі жаңа қызметтік автокөліктермен толықты. Бұл қылмыс пен құқықбұзушылықтың ашылу жеделдігіне, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және облыс жолдарын патрульдеуге оң әсерін тигізері сөзсіз. Барынша заңдылықты және облыс тұрғындарының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері басымдық болып табылады,-деген облыс әкімі полицейлерге автокөлік кілттерін табыс етті.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері өздерінің қызметтік парызын лайықты атқарып, өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете отыра адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға уәде берді. Мерекелік шараның соңында ішкі істер органдарының ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне марапаттар табысталды. ҚР Президентінің жарлығымен полиция департаментінің сегіз қызметкері мемлекеттік марапаттармен мадақталды.

«Қамшы» сілтейді