Ақтөбелік келіншек аяқкиімге телефон жасырып, абақтыға өткізбек болған

0

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Полиция департаменті және Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері «Асыра лақтыру» жедел алдын алу шарасын өткізді.

Нәтижесінде, КА-168/2 мекемесінің негізгі қоршауы арқылы мекемеге тыйым салынған заттары бар үш түйіншекті лақтыруға тырысқан 26 жастағы ақтөбелік ұсталды. Тексеру кезінде екі ұялы телефон және хош иісті жасыл түсті өсімдік табылды. Оның бұрын сотталғаны анықталды.

Сонымен бірге, КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері 33 жастағы әйел әкелген заттарды мұқият тексеріп, аяқкиім табанына жасырылған 2 шағын ұялы телефон және USB тәркіледі.

Осыған дейін есірткіні жасырын түрде өткізбек болған 8 жайт әшкере болды. «Асыра лақтыру» шарасы аясында 20 ұялы телефон, 20 SIM карта, 9 құлаққап, 6 қуаттағыш, 1 флеш-карта, 2 ұялы телефон батареясы тәркіленді.