Ақтөбелік еріктілер жол бойында қалған жүргізушілерге көмектесіп жүр

0

Қазір бұл топтың тұрақты 20-ға тарта мүшесі бар.

Қар құрсауында қалып немесе көлігі істен шыққан жандар кез келген уақытта бұл қайырымды жандардың көмегіне жүгіне алады. Еріктілер тобын Асхат Тақауов осыдан екі жыл бұрын құрған. Бұл туралы Zakon.kz «Хабар 24» арнасы таратқан ақапаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның түн ішінде көлігі істен шығып, айдалада қонуы бұған себепкер бопты. Игі істі бірінші қасымдағы достарым қолдады дейді. Әлеуметтік желілерде байланыс нөмірін таратып, алғашқы өтініштерге шыққан соң, еріктілер қатары артқан. Қиын жағдайдан аман шыққан жүргізушілер де өзгелерге қолұшын беруге әрдайым дайын көрінеді. Қазір бұл топтың тұрақты 20-ға тарта мүшесі бар. Күндіз-түні байланыста. Бірінші кезекте елді мекеннен тыс жерден жететін өтініштер қарастырылады. Бастысы жігіттердің қызметі тегін.

Асхат Тақауов, «Autohelp-Ақтөбе» еріктілер тобының негізін қалаушы:

– Қыстың күні түсетін өтініштерге біз аса көп көңіл бөлеміз. Көмек сұраған азаматтың қиын жағдайда екендігі белгілі. Себебі боран мен аязды күні кез келген ағаттық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан әбден дайын, барлық қажетті құрал-саймандармен жарақталған көліктер шығады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/