Ақтөбелік азамат ойыншық қарумен микрокредиттік ұйымды тонап кеткен (видео)

0

Ақтөбе қаласының тұрғыны ойыншық қарумен қорқытып, микрокредиттік ұйымды тонап кеткен, деп хабарлайды  Polisia.kz.

Қаржылық ұйымның кеңсесіне кірген арампиғылды азамат 22 жасар мекеме қызметкерін қаруымен үркітіп, 74 000 теңге көлеміндегі ақшаны ұрлап кеткен.

Қылмыс болған жерге полицияның біріктірілген отрядтары тез арада жіберіліп, олар қылмыскерді ізін суытпай қолға түсірген.

Күдікті жасаған қылмысын толығымен мойындады. Қолындағы қару ойыншық болып шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

https://youtu.be/sPtpG56jh9o