Ақтөбелік әйел ажырасқан соң төсек-орнын сот арқылы қайтарып алды – Қазақстан жаңалықтары

0
102

Ақтөбе тұрғыны күйеуінен ажырасқан соң сотқа арызданды. Ол қайын жұртының төсек-орнын қайтармағанын айтып шағымданды.

Ақтөбелік әйел ажырасқан соң төсек-орнын сот арқылы қайтарып алды

Көрнекі сурет

Жәбірленушінің жатын төсек, ыдыс-аяқ, көрпе-жастығы, одан өзге тұрмыстық заттардан тұратын жасауының құны 700 мың теңгеден асады, деп хабарлады 31 арна.

Қайын жұрты бұл заттарды ажырасқан келіншекке қайтарудан бас тартқан. Алайда іс заңмен қаралған соң ойынан айныды.

Сот орындаушылары араласқан соң ол екі жақ мәмілеге келіп, айыпталушы жақ төсек-орынды қайтаруға келісті. Осыған байланысты өндірістік іс тоқтатылды.

Жас ерлі зайыптының үйленгеніне 1 жыл да болмаған. Ортақ балалары жоқ. Отбасылық жанжалдан соң ажырасуға бел буған.

stan.kz