Ақтөбеге келген премьер-министрдің орынбасары Әбдіхалықова жатақханаға баруға мәжбүр болды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Ақтөбеге жұмыс тобымен келген премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова жиыннан кейін жатақханаға баруға мәжбүрлерді. Онымен кездесуге келген тұрмысы төмен аналар өз жағдайларын айтты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбеге келген премьер-министрдің орынбасары Әбдіхалықова жатақханаға баруға мәжбүр болды

Премьер-министрдің орынбасары мен тағы 3 министр өңірге екі күнге келген. Олар тұрғындарға үкіметтің қайта тағайындалуынан кейін әлеуметтік саясатта қандай өзгерістер болатынын түсіндірмек. Кездесуде министрлер сөзін аяқтай салысымен тұрғындар микрофонға қарай ағылды. Олар тегін баспана, жер, тіпті несие пайызын төмендетуді сұрады. Қиындықтарын айтып, өзін ұстай алмағандар да болды. 

«Баспана кезегінде тұрғаныма 11 жыл болды. Маған тегін керек емес, бір кезде әкімдік жатақханадан бір бөлме берген. Ол жатақхана емес, қоқыс үйіндісі», — дейді кездесуге келген аналардың бірі.

Нәтижесінде Әбдіхалықова тұрмысы төмен ананың тіршілігімен танысу үшін, ол тұрып жатқан жатақханаға баруға уәде етті.

«Қазір барып, тұрмыс-тіршілігіңізді, қандай жатақхана екенін көрейік. Артынша баспана кезегінің қалай жылжып жатқанын анықтаймыз», — дейді премьер-министрдің орынбасары. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz