Ақтөбеге 5 миллиард теңгеге ерекше бейнебақылау камералары орнатылмақ

0

Ақтөбеде және облыстың басқа қалалары мен ауылдарында 2400-ден астам камера орнатылады. 2022 жылы шенеуніктер камераларды орнатуға тендер өткізе алмады, ал биыл олар қайтадан бақ сынап көрмек.

Бұл камераларда бірқатар қызықты мүмкіндіктер болады. Олардың ішінде адамдар санын, белгілі бір аймақтардағы адамдардың жиналуын анықтайтын, тұрғындардың жүзін анықтайтын функциялар орнатылады.

Құжатқа сәйкес, жүйе тек Ақтөбеде ғана жұмыс істемейді, тізімде Алға, Қандыағаш, Шалқар, Хромтау қалалары, Мәртөк, Қобда, Қарабұтақ, Әлімбетовка және Жайсан ауылдары бар. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Жезқазғанда камераларды орнату бойынша осындай байқау өткізілді. Бірақ ол үшін 86 миллион теңге төленбек.

Енді бұл жүйені қолдауға жыл сайын қанша қаражат кетеді деген сұрақ ашық күйінде жауапсыз қалып отыр. Ақтөбеліктердің дербес деректері қаншалықты қорғалады? Әзірге ол да белгісіз.

Ақпарат: https://t.me/protenge

Фото: TADviser