Ақтөбедегі төтенше оқиға: бесінші адам қайтыс болды
Қысқа сілтеме алу
Алты жұмысшының екеуі апаттан аман қалды. Алайда денесінің басым бөлігін күйік шалғандықтан дәрігерлер біреуін құтқара алмады
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Сәрсенбі күні Ақтөбедегі хром қосылыстары зауытында зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды.
Қаланың денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 1988 жылы туған жұмысшы қайтыс болды.
«Оның денесінің 60%-ін күйік шалған. Ал 1984 жылы туған жұмысшының жағдайы тұрақты деп айтуға болады. Ол жансақтау бөлімінен палатаға көшіріледі», — деді денсаулық сақтау басқармасы.
Зауыттағы трагедия
Оқиға 28 мамыр күні «АХҚЗ» АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған.
Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды. Екеуі ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
sputniknews.kz