Ақтөбедегі теракті кезінде жараланған полицейге пәтер сыйға тартты — Қазақстан жаңалықтары
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Махамбет Әбісатов бұрынғы полицей Әлібек Жетіғаринге пәтер кілтін сыйлады.
Облыстық полиция департаментінен
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде теракті болып, Әлібек Жетіғарин екі рет жараланған еді. Ол бес рет ота жасатып, үшінші мүгедектік күйге түсті.
Осының салдарынан полиция қызметінен кеткен Әлібек Жетіғарин «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Енді өзі оқыған мектеп бұрышында есімі жазылмақ.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейге екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Одан бөлек полицейдің әріптестері өз еркімен 7,4 млн теңге жинап берді. Бұл оның еміне жұмсалады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz