Ақтөбедегі Есет батыр кесенесіне бала сұрап баратын жандар көбейген

0

Ақтөбе облысы Алға ауданы аумағында орналасқан Есет батыр Көкіұлының кесенесіне келушілердің қатары күн санап көбеюде. Жылдың төрт мезгілінде де толастамайтын жандар қатарында дертіне шипа іздеушілер, тығырыққа тірелгендер мен бала сұраушылар көп деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде дін қызметкерлері кесене басында әруақтардан бала сұрамауды үгіттеп жүр

Есет батыр кесенесі. Фото: NUR.KZ

«Бұл жаққа жазда келушілер көп болады, қыстың кезінде де арнайы іздеп келушілер жоқ емес. Бұл жерге ешкім де еріккеннен келмейді. Танымал адамдар да ат басын бұрып, соғып жатады.

Бәріміз де қазақпыз. Құранда «Мен сендерді ұлт еттім, ұлыс еттім, тектеріңді білсін» деп делінген. Біз қазақпыз, қазақ болып өлеміз, қиямет күні қазақ болып тірілеміз.

Бұл кісі де қазақ, ірі тұлға болған», — дейді Есет Көкіұлы кесенесінің діни рәсімдерін атқарушы қызметкері Сәкен Мирманов.

Ақтөблік дін қызметкерлері әруақтардан бала сұрамау

Есет батыр кесенесі. Фото: NUR.KZ

Діни қызметкер батырдың басына арнайы келіп, әруаққа сыйынушыларға үгіт-насихат жүргізетіндерін де жасырған жоқ.

«Мен өзі Алматыдағы ислам институтын бітірген адаммын. Діни сауатты адам болған соң «әруақтардан ештеңе сұрамаңдар» деп үгіт-насихат айтамын. Көмекті әруақтардан сұрамаудың себебін түсіндіремін», — дейді діни қызметкер.

Айта кетерлігі, Есет Көкіұлы кесенесінің басында 20 адамға арналған қонақ үй бар. Онда жату тегін екен. Шығынның барлығын садақадан түскен қаржы көтереді.

Дереккөз: kaz.nur.kz