Ақтөбедегі автобустың өртенуіне күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды

0
95

2018 жылғы 26 желтоқсан 15:03 259

Ақтөбедегі автобустың өртенуіне күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды


АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Өзбекстаннан Ордухан Мехтиевті экстрадициялады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталған адамға ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысында көлік құралының өртенуіне және 52 адамның қаза табуына әкеп соқтырған техникалық ақауы бар автобусты заңсыз пайдаланған деп күдік келтіріліп отыр.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті көрші мемлекеттің аумағында жасырынып жүрген, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Бүгінгі күні Мехтиев Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында жатыр.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz