Ақтөбеде туыстары жер-көктен іздеген ер адам құлдықта болған — новости Казахстана

Ақтөбеде құлдықта болған азамат құқарылды. Ал оны күштеп ұстап, жұмыс істеткен шаруашылық басшылары қамауға алыгнған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: otyrar.kz
Қылмыстық іс «SТOP трафик» шарасы кезінде ашылған. Белгілі болғандай 49 жастағы ер адам ақпаннан қарашаға дейін құлдықта болған.
Ал бұл уақытта оны туған-туыстары, полиция іздеген екен.
Айта кетейік, SТOP трафик» шарасы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанның ішкі істер министрліктерімен бір мезетте өткізілді. Жедел-алдын алу шарасы кезінде төрт елде 95 қылмыстық іс тіркелген.