Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметі жолда қалған Өзбекстан азаматтарын құтқарды

0

Автобус аязды күні күре жолда істен шығып, тұрып қалған.

Ақтөбе төтенше жағдайлар қызметі 51 Өзбекстан азаматын құтқарды. Жолаушылар автобусы бұзылып, көмек сұраған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

10 ақпан күні сағат 03:00-де төтенше жағдайлар қызметіне қоңарау түсті. «Самара-Шымкент» тас жолының 668 шақырымында, Сарытоғай ауылы маңында «Setra» маркілі автобусы тоқтап қалған. Автобустың компрессоры істен шыққан.

«Құтқару жұмыстарына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік және жол патрульдік полициясынан 2 адам, 1 автокөлік жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен 52 адам Сарытоғай ауылында орналасқан «Жолсерік» кемпингіне орналастырылды, 2 жүргізуші автокөлікті жөндеу мақсатында автобус ішінде қалды», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz