Ақтөбеде «терроризмді насихаттады» деген екі адамға үкім шықты

0
94
Advertisement

28 ақпан күні Ақтөбе қалалық соты «терроризмді насихаттады» деп айыпталған Қуанышбек Жайлаубаевты сегіз жылға, Азамат Баймурзинді жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Осыған дейін 2014 жылы істі болған Қуанышбек Жайлаубаев жазасын қатаң режимдегі, ал Азамат Баймурзин жалпы режимдегі колонияда өтеуі тиіс. Дегенмен үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. Сотталушылар 15 күн ішінде аппеляциялық шағым түсіре алады.

Тергеу материалдарына қарағанда, 30 жастағы сотталушы Азамат Баймурзин Қазақстан жері жазық дала екеніне «өкінген». Айыпталушы «егер біздің еліміз таулы аймақта орналасқанда қазақстандықтардың 70 пайызы моджахед болар еді, шариғат заңдарымен өмір сүрер еді» деген.

Сотта Азамат Баймурзин «моджахед» туралы айтқанын «жай сөз» деп, өзгелерді қарулы қақтығыс пен жамандыққа шақыратындай ниеті болмағанын айтты. Тергеу материалдарында сотталушы Азамат Баймурзиннің діни ортада «Юсуп» деген атпен танымал екені көрсетілген. Ол өзіне тағылған айыпты ішінара мойындап отыр.

Ал 27 жастағы Қуанышбек Жайлаубаев 2014 жылы «терроризмді насихаттады» деген айыппен сотталып, жазасын өтеп шыққан. Қуанышбек Жайлаубаев та өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады.

Қуанышбек Жайлаубаев пен Азамат Баймурзин 2018 жылы 5 қыркүйек күні тергеу изоляторына қамалған.

Прокурордың айтуынша, сотталушылар жұмыс орнында «бірнеше адамның ой-санасын өзгертуге тырысқан» және «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының идеяларын насихаттаған. Айыпталушылар жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен құрылыс нысандарын күзеткен.

Судья Теміржан Алданов сотталушылардың әрқайсын жәбірленушілер қорына 48 100 теңгеден өтемақы төлеуді міндеттеді.

Азаттық

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз