«Ақтөбеде талай пышақталдым» — Өмірқұл Айниязов
Отандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов жас кезін еске алып, басынан өткен жағдайларды баяндады. Өнер иесі студент кезінде бұзық болғанын мойындап, бірнеше рет пышақ жарақатын алғанын айтты. Бұл туралы Kaz.nur.kz жазды.
Өмірқұл Айниязов жас кезінде қандай болғанын «Саумал» подкастында айтып берді. Әнші пышақталып, ауруханаға түскен кезі болғанын жеткізді.
«Жас кезімде боксқа қатыстым. Бірақ үлкен жетістіктерге жеттім деп айта алмаймын. Десе де оның маған көмегі тиді. Біздің жас кезіміде түрлі жағдай болды. Ақтөбеде жатақханада тұрғанда жергілікті жігіттер келіп, мазамызды алатын. Сол кезде оларға қарсы шығып, пышақталған уақытым болған. Ауруханаға түсіп жатқанда тергеушілер бір жағынан тергеп жататын еді. Сол уақытта бұл жағдайды ауылдағылар мүлдем білмейтін. Телефон, интернет деген жоқ кез ғой. Сол кездегі түсінік басқаша болатын. Қарындасым қасымда оқып жүрсе де, үйдегілерге тіс жармайтын. Басымыз айналып қан жоғалтқан кездеріміз болды. Пышақталғанда ішкі органға 2 см жетпей қалған. Одан кейін Алматы мен Талдықорған қалаларында да біраз жанжалдар болған», — деді өнер иесі.