Ақтөбеде тағы бір сарбаз қаза тапты

Бұл туралы Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.
«23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады», — делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеуге байланысты жария етілмеді, деп мәлімдеді баспасөз қызметі.