Ақтөбеде студенттерге дәретхана жуғызған оқытушы жазаланды — Қазақстан жаңалықтары
Ақтөбеде студенттерге дәретхана жуғызған кафедра меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz Қазақпарат-қа сілтеме жасап.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенттері оқытушысының мәжбүрлеп дәретхана жуғызғанын жұртқа жария қылған еді. Желіде тараған видео арқылы бұл оқиға қызу талқыға түсті.
Осыған байланысты тексеру жүргізген комиссия қорытындысын жариялады.
«Раиса Ораз бен стоматология бөлімінің студенттері арасындағы дауға байланысты тексеру жүргізілді. Соның нәтижесі бойынша, лауазымын асыра пайдаланғаны үшін Раиса Ораз кафедра меңгерушісі қызметінен босады. Қазір тек кафедраның профессоры ретінде сабақ береді», — деді университеттің әкімшілік-кадрлық жұмыстары жөніндегі департамент жетекшісі Динара Нұранова.
Бұған дейін университетте сенбілік өту себебіне байланысты студенттерді дәретхана жуғызуға мәжбүрлегені айтылды. Алайда сенбілік ұйымдастыру Раиса Ораздың қызметіне жатпайды. Ол тек студенттерге өтініш айтқан.
stan.kz