Home Жаңалықтар Ақтөбеде сотталған лифтер бостандыққа шықты

Ақтөбеде сотталған лифтер бостандыққа шықты

0
61

Ақтөбеде көпқабатты үйдегі лифтіде жергілікті тұрғын Айзат Әбдісамат мерт болған соң 4 жылға сотталған лифтер-механик Жарылқасын Ақжановқа шыққан үкім өзгерді.

– Апелляциялық шағымнан соң механик Жарылқасын Ақжановтың жазасы бас бостандығын шектеумен алмастырылған. Апелляциялық алқа қаулысы 27 желтоқсан күні күшіне енді, – деп хабарлады облыстық сот.

Биыл 19 қазан күнгі қалалық сот үкіміне сай кісі өлімі болған көпқабатты үйге жауапты «Жаңабек -Сервис» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Кенен Жаңабеков 4 жылға шартты түрде сотталған.

Оқи отырыңыз: Бақылаудан кеткен лифттерде оқыс оқиғалар көбейді

Судья үкім шығарарда «Жаңабеков кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрағанын, моральдық шығындарын өтегені ескерілгенін» айтқан.

Ал жалдамалы меxаник Жарылқасын Ақжанов 4 жылға сотталып, сот залынан қамауға алынған еді. Бірақ Ақжанов жарыссөзде өзін кінәсіз санайтынын мәлімдеген және сот үкімімен келіспеген. Кейін апелляциялық шағым түсірген.

Қайғылы оқиға Ақтөбе қаласындағы 12-ықшамауданындағы он қабатты №19 үйдің 2-подъезінде биыл 4 сәуір кешкі сағат тоғыздар шамасында болған. Үйдің алтыншы қабатында тұратын жергілікті телеарна журналисі Айзат Әбдісамат лифтіде қысылып қалып, қаза тапқан еді.

Дереккөз: Азаттық