Ақтөбеде шенеуніктер төбелесті: полиция түсініктеме берді

0
29

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

https://sputniknews.kz/images/878/08/8780898.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/incidents/20191230/12425234/Polisiya-departament-Aktobe.html

«WhatsApp»-та тұрғындар арасында болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Тәртіп сақшылары жанжалға мемлекеттік қызметшілердің қатыспағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Төбелес Ақтөбеде қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жанжалдың осыдан төрт күн бұрын болғанын айтады.

«WhatsApp»-та Ақтөбе қаласындағы мейрамхананың бірінде фойеде болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Бұл оқиға 25 желтоқсаннан 26-сына қараған түні тіркелді. Төбелес дүкен мен компания жұмысшылары арасында болған. Жанжалға қатысушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істемейді», – делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты Ақтөбе қаласы №1 қалалық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-тармағы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Тәртіп сақшылары оқиға қатысы бар күдіктілерді ұстады. Бүгінде олар Ақтөбе қаласы полиция департаментінің уақытша тергеу абақтысына қамалды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз