Ақтөбеде сексенге таяп қалған қария 20 жылдан бері жарықсыз, жылусыз өмір сүріп келеді

0

Егде жасқа келген кісі жалғыз тұрады екен.

Алға ауданы Бестамақ ауылының тұрғыны Қабидулла Мұхамбетов жалғыз тұрады. 20 жылдан бері жарық пен жылу көрмеген қарияның үйі адам тұрғысыз күйге ұшыраған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сексенге таяп қалған қария жалғыз тұрады. Жылуы жоқ төрт бөлмелі үй жарық көрмегелі 20 жылға таяған. Бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеп, кейін қызметінен ішімдіктің салдарынан шығып қалған. Жер қазып, құрылыс жұмыстарымен айналысып келген қарияның балалары бар екен.

«Балам бар болғанымен келінім сыйыстырмады. 20 жыл бұрын жарықты қиып кетті. Содан отырмын. Жылу да жоқ. Арасында көршілерім көмектесіп, от жағып беріп тұрады. Қолым босаса, жер қазып, бұрын жүк түсірумен айналыстым. Оның алдында полицияда жұмыс жасадым. Қазіргі зейнетақымнан 3-4 мың теңге ғана аламын», — дейді қария.

Үш жыл бұрын қарттың құжаттары мен зейнетақы алатын картасын ауылдағы Әнуар есімді кәсіпкерге сенімхат арқылы тапсырған. Бірақ, қаңтар айынан бастап сенімхат ауылдағы әлеуметтік қызметкерге аударылған.

«Бірнеше рет бардық. Тамыз айына барған кезімізде қарттар үйіне тапсыру туралы ұсыныс білдірдік. Бас тартқан адамды біз күштеп апара алмаймыз. Одан кейін газ тартуға қарсылық білдірілді. Жаз уақытындағы абаттандыру кезінде ауласына жөндеу жұмыстарын жүргізіп береміз. Азық-түлікпен де көмек береміз. Ішімдікке жақындығы бар. Бұл кісі құжаттарын жоғалтып алып еді, қайтадан рәсімдеп бердік. Жаңа жылдан бастап сенімхаты әлеуметтік қызметкерге жүктелген. Ауыл инспекторы тек оның жағдайын біліп тұрады. Қазіргі таңда жарық қондырып жатырмыз», — дейді Бестамақ селолық округі әкімі Қанат Дәулеталин.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/