Ақтөбеде қытайлық компанияның жұмысшылары наразылық танытқаннан кейін жалақы көтерілетін болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбедегі қытайлық «Синопэк» мұнай компаниясының жұмысшыларының жалақысы 15-20 пайызға артады. Компания басшылары мен наразылық танытқан жұмысшылардың арасында жүргізілген келіссөздердің нәтижесі осылай аяқталды.

Ақтөбеде қытайлық компанияның жұмысшылары наразылық танытқаннан кейін жалақы көтерілетін болды

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Таяуда аталған компанияның жұмысшылары жұмысты тоқтатып, қытайлық басшылықтан жалақыны көтеріп, өздерімен ұжымдық келісімшарт жасауын талап еткен еді.

Артынша компания басшылығы мен жұмысшылардың арасында келіссөз жүргізілді. Оның нәтижесінде жұмысшылардың жалақысы 15-20 пайызға артатын болды.

Компаниядағылар екінші талап бойынша шешіміді бір айдың ішінде қарауға уәде берді.

stan.kz