Ақтөбе перзентханасында үшем дүниеге келді. 36 жастағы келіншектің денсаулығы қазір жақсы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 1986 жылғы келіншек жасанды ұрықтандыру нәтижесінде бала көтерген. Жүктіліктің 36-шы аптасында 25 мамыр күні облыстық перенаталдық орталыққа жатқызылған.
27 мамыр күні үш сәби дүниеге келді. Олардың есімдері Қасым, Жомарт, Кемел.
(ақпарат Exk.kz сайтынан)