Ақтөбеде полицейлер көшелерді жабады

0

Тәртіп сақшылары қаладағы жиырма көше қиылысында «Қауіпсіздік сағатын» ұйымдастырады. Бұл көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Ақтөбеде полицейлер флешмоб өткізбек. Қаладағы қауіпті көше қиылыстарында көлік қозғалысы тоқтатылады.

«Қауіпсіздік сағаты» акциясы түсте өткізіледі, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шара полицейлер, ерікті студенттер мен жүргізушілер қатысады.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында қылмысы әшкере болған 3 полицей қашып кетті

«Қаладағы 20 апаттық учаскеде 5-7 минутқа бір уақытта қозғалыс тоқтатылады «, — деп хабарлады баспасөз қызметі.



sputniknews.kz