Ақтөбеде өртке оранған үйден анасы мен сіңлісін алып шыққан қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Ақтөбеде 15 жастағы Ақтілек Аманжолова өртеніп жатқан үйден анасы мен 5 жасар сіңлісін алып шыққан. Алайда өзі иіс газынан уланып қалып, ауруханаға түскен. Ол оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Ақтөбеде өртке оранған үйден анасы мен сіңлісін алып шыққан қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бүгінде ауруханада жатқан Ақтілектің жағдайы жақсы. Дәрігерлер оны аптаның соңында үйіне жібермек. 

Ақтілектің өзі сол күнгі өрт туралы сабырлықпен еске алады. Ол дәл осы сабырлылығы мен салқынқандылығының арқасында өрттен анасы мен 5 жасар сіңлісін құтқарып қалды.

«Сіңлімнің жылап жатқанын көрдім де, көтеріп шығардым. Анамды ұзақ уақыт бойы орнынан көтере алмадым. Артынша кинода мұндай жағдайда не істейтіні есіме түсіп, анамды матаның үстіне жатқызып, осылайша сүйреп сыртқа алып шықтым», — дейді Ақтілек Аманжолова.

Төтенше жағдайлар департаментіндегілер Ақтілекті марапаттауға асығар емес. Олар қыздың ерлігін көршілері растауы керек деп отыр. Бүгінде ведомствода сол күнгі болған жайттың хронологиясы қалпына келтіріліп жатыр.

«Өрт сөндіруге қатысқан қызметкерлеріміз ондай жайтты көрмегендерін айтады. Сол күннің хронологиясын қалпына келтіру керек. Егер қыз сондай ерлік жасаса, сөзсіз марапаттаймыз. Алайда куәгерлер, дәлелдер керек. Біз көршілерінен сұрастыру үшін адамдар жібереміз», — дейді ТЖД өрт сөндіру қызметінің басшысы Дамир Ермағамбетов.

Ақтілектің отбасы тұрған үйді өрттен кейін қалпына келтіру мүмкін емес. 6 баланың әкесі болған жайттан есеңгіреп қалған, алайда ешкімнің зардап шекпегеніне қуанышты. Зейнолланың сөзінше, бастапқыда әйелі өртеніп жатқан үйден екі қызын алып шыққан. Алайда 5 жасар қызын құтқаруға шамасы жетпепті. Әйел есінен танып қалған.

«Өрт сөндірушілер келді. Бірақ олар біраз уақыт мекенжайды таба алмай жүрді. Себебі біз саяжайда тұрамыз», — дейді отағасы Зейнолла Бекмағамбетов.

Жергілікті шенеуніктер өрттен зардап шеккен отбасыға қаланың басқа ауданында жер мен үй салу үшін құрылыс материалдарын беруге уәде етті. Әзірге отбасыны жалдамалы пәтерге орналастырып, мамыр айының соңына дейін ақысын төлеп берген. Сондай-ақ отбасыға киім-кешек. Оқулықтар беріліп, құжаттарын қалпына келтіруге көмек көрсетіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz