Павлодарда бір жасар баласын аязда далаға қалдырған ана табылды

0

Павлодарда күннің қақаған суығына қарамай бір жасар баласын далаға тастаған әйел қолға түсті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Әйел адам араға екі сағат салып ұсталды. Ол ұлын автовокзал маңындағы трамвай аялдамасына қалдырғанын айтты.

«Кішкентай балаға қауіп төндірген 33 жастағы әйел ұсталды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 119-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Тергеу барысында оның тұрмыста емес екені анықталды. Екінші баласы Екібастұзда әжесімен бірге тұрады. Сондай-ақ, соңғы жылдары оның Таразда тұрғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылғаны туралы ақпарат тарады.