Ақтөбеде ойын автоматтарына құмар ата-әжелер көбейген — новости Казахстана

Ақтөбеде ойын автоматтарына құмар қарттар қатары артқан. Жергілікті кәсіпкердің дәмханасына орнатқан заңсыз ойын автоматының жанын айналшықтаған зейнеткерлерді көрген полицейлер таңданысын жасыра алмаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:state.rin.ru
Аталмыш дәмханада бәс тігуге зейнеткерлер құмар болып шыққан.
Тексеруге шыққан тәртіп сақшылары ойын автоматтарына үйір ата-әжелерге ешқандай шара қолдана алмайды.
Ал заңсыз құмар ойын бизнесін дөңгелеткен кәсіпкер енді қомақты айыппұл төлейді.
Қазір оның ісімен мемлекеттік кіріс департаменті айналысуда.