Ақтөбеде өгей қызын зорлаған ер адам ұсталды

0

Ешкімге тіс жармауы үшін өгей әке қызды әбден қорқытқан

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Ақтөбе облысының Қарлау ауылының мектеп оқушысын өгей әкесі зорлаған. Бұл туралы қыз ауырып, мектептегі дәрігер қаралуына барған кезде белгілі болды, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

Тағы оқыңыз: Әйел өзін зорлаған ер адамнан аяусыз кек алды

10 жастағы қыздың айтуынша, өгей әкесі мас болғанда зорлаған. Алдымен қыздың анасын ұрып, талдырып тастаған. Үйдегілердің бәрін қуып жіберіп, қызды зорлаған. Ешкімге тіс жармауы үшін қызды әбден қорқытқан.

«Сынып жетекшісі қыздың қатты ауырып ттұрғанын айтты. Мен қыздан: «Ішің ауыра ма?» ,- деп сұрағанда, ішінен төмен тұсын көрсетті. Бұдан соң, қызды аудандық ауруханаға жібердім», — деді ауылдағы медициналық пункт жетекшісі Рысжан Алдасүгірова.

Тағы оқыңыз: Әйел қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген күйеуін өлтірді

Оның айтуынша, қазір қыз психолог пен әлеуметтік қызметкердің қарауында. Дәрігер бұл жағдайдың неше рет қайталанғанын нақтылаған жоқ.



sputniknews.kz