Ақтөбеде нашақорды қинап, мойнына істемеген қылмысты іліп жібермекші болған: Полицейлердің туыстары шу шығарды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбеде күдіктіні қинаған деген айыпқа ілінген төрт полиция қызметкерлері қамауға алынатын болды. ҚР-дың жоғарғы соты бұған дейін тәртіп сақшыларын ақтау туралы үкімді негізсіз деп тауып, оларды түрмеге жабу туралы тоқтамға келді. Алайда сотталғандардың туыстары сот ғимаратының алдында шу шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

сот

Алматыдағы полиция бөлімшесі бастығының экс-орынбасары Руслан Есанов пен қол астындағы үш қызметкер енді төрт жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Олар бір жыл бұрын әкімшілік жазаға тартылған нашақорды қинағаны үшін сотқа тартылған. Полицейлер ұсталған азаматқа басқа бір қылмысты мойнына іліп жібермекші болған, алайда қолдарына келмей, өздері соттан бірақ шығыпты. Полицейлерден жәбір көрдім деген азаматтың шағымын облыстық сот қанағаттандырмапты. Алайда жоғарғы сотқа апелляциялық шағымын түсірген жәбірленушінің арызы ақталыпты. Нәтижесінде қатыгез полицейлердің түрмеге жабылғандығымен қоса, барлық марапаттарынан айырылады екен. Десек те олардың жақындары жоғарғы сот үкімімен келіспейміз деп отыр.

«Олар керек кезінде Отанын қорғады. Оларға Отаны медаль берді, алғыс айтты, грамоталарын тақты. Енді қазір шыршадан ойыншық шешкендей, медалдерін шешіп алады. Екінші сотта қайтадан іледі. Үшінші сотта қайтадан шешіп алады. Бұл мазақ па, ойын ба?» — Ақтөбе қаласының тұрғыны Әсия Мырзабекова.

stan.kz