Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген күдікке ілініп отыр.
«Кісі өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жасөспірім мен 16 жастағы оқушы қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар қыздың анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерінің жариялануға жатпайтынына сілтеме жасай отырып, басқа мәліметтерге түсініктеме бермеді.